427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғындар КВИ жұққан адаммен байланыста болғанын телефон арқылы біле алады

  • 128
  • UPD: 23:00, 08.10.2020
Тұрғындар КВИ жұққан адаммен байланыста болғанын телефон арқылы біле алады

Ел тұрғындары коронавирус жұқтырған қандай да бір науқаспен байланыста болғанын ұялы телефон арқылы біле алады.

Ол үшін Saqbol мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымша жасырын түрде ескертеді. «Saqbol-ды» біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

Сәуле Ермекқызы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ департамент директоры:

- Қосымшаға «сіз араласқан адамдардың арасында бір азамат коронавирус жұқтырды, тест оң нәтиже берді деген хабарлама келеді. Сөйтіп, тексеруден өтуіңізід сұрайды. Осылайша дер кезінде қимылдап, қауіптің алдын алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы