428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан студенттері Ресейге тек ұшақпен жете алады

  • 130
  • UPD: 22:40, 11.10.2020

Еліміздің студенттері Ресейге тек ұшақпен бара алады. Ресей үкіметінің шешімімен Қазақстан азаматтарының бәріне, соның ішінде жоғарғы және орта оқу орындарында білім алып жүргендерге ұшақпен ғана кіруге рұқсат беріледі.

Мұны көрші Ресейдегі Елшілігіміз хабарлады. Студент көші-қон картасында өздігімен келу мақсатын «оқу» деп көрсетуі керек. Білім ордасы студенттің келу кезеңіне байланысты тіркеу құжатын жасайды. Ресейге үшінші ел арқылы кіргенде де азаматтардан ықтиярхат сұралады.

Мәселен, егер еліміздің азаматы Ресейге Түркия арқылы кіруді жөн санаса, онда оның Түркияда тұруға ықтиярхаты болуы керек. Ұшақ билетінің құны мен ұшу тәртібін әуе компанияларының сайтынан білуге болады. Ресейге баратын азаматтарда коронавирус бойынша ПТР-анықтама болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы