Коронавирус адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталады. Бұл тұмау вирусымен салыстырғанда шамамен 5 есеге ұзақ. Киото университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасады.
Мұны анықтау үшін мамандар арнайы сынақ өткізіп, адам терісіне жүз мыңдай тұмау вирусы мен ковид-19 вирусын қойған. Сөйтіп, олардың жойылып кету уақытын бақылаған көрінеді. Нәтижесінде тұмау вирустары адам терісінде шамамен 2 сағатта белсенді болған. Ал коронавирус алты сағаттан 9 сағатқа дейін сақталыпты.