429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда мектепке Абайдың есімі берілді

  • 82
  • UPD: 15:01, 13.10.2020
Көкшетауда мектепке Абайдың есімі берілді

Көкшетаудағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына Абай Құнанбаевтың есімі берілді.

Мұнда аймақтың аудандарынан іріктеліп алынған 200-ден астам бала оқиды. Олар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарында білім алады. Ұстаздар мектепке Абай есімінің берілуі – үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. Ал тіл мамандарының айтуынша, осыған дейін де біраз мекемеге ұлы тұлғалардың есімдері берілген.

Айгүл Талпақова, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі:

- Соңғы жылдары Ақмола облысында 15 шақты нысанға халқымызға белгілі тұлғалардың есімдері берілді. Атап айтатын болсақ, облыстық филармонияға Үкілі Ыбырайдың, облыстық балалар спорт мектебіне Балуан Шолақтың есімі берілсе, №18 мектепке Сәкен Жүнісовтің есімі берілді. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы