432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда оқушыларға алынған 166 планшет жарамсыз деп танылған

  • 177
  • UPD: 11:26, 14.10.2020
Атырауда оқушыларға алынған 166 планшет жарамсыз деп танылған

Жаңа оқу жылында оқушыларға алынған планшеттер пайдаға аспады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген мониторинг кезінде 2000-ға жуық планшеттің 166-сы жарамсыз деп танылған. Алынған құралдардың кепілдік мерзімі 1 жыл. Сол себепті сапасыз планшеттер басқасына ауыстырылады. Сондай-ақ тағы келуі керек 2 мыңға тарта компьютер мен 16 мыңға жуық ноутбук мұнайлы өңірге әлі жеткізілмеген. Ал, сабақтың басталғанына бір жарым ай өтті.

Айдос Мамыт, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Сол қол жетпеген балалардың планшеттеріне қайтадан жаңарту жүргізетін болады. Толықтай ауыстырып беретін болады. Мәселе ауыстырып беруде емес. Мәселе қазірге таңда оқушылардың қаншалықты сол планшеттерге қол жеткізіп және қашан сол планшетпен оқуларын қашан бастайды.

Хабар 24 телеарнасы