Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты. Осылайша оқу жылы басталғаннан бері өңірде Covid-19ға шалдыққан оқушылардың қатары 62-ге жетті.
Санитарлық мамандардың мәлімдеуінше, жұқпалы дерттің балалар арасында таралу дерегі облыстағы 6 аудан мен 4 қалада анықталып отыр. Оның ішінде әсіресе Алтай, Глубокое ауданы мен Риддер қаласында көп. Ол жақтарда дертті жұқтырып алған оқушылар саны 10-нан асып кетті. Өскеменде он, ал Семейде жеті оқушы тіркелген.
Бағлан Тауанова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметердің сапасы мен қауіпсіздігін БД баспасөз хатшысы:
- Оның ішінде 37-сі кезекші сыныпта оқитын оқушылар болса, қалған 25-і қашықтықтан оқитын оқушылар. Қауіпті вирус анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы санитарлық дезинфекциялық іс шаралар жүргізілді.