424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында көру қабілеті нашар жандар кітапханасыз қалуы мүмкін

  • 159
  • UPD: 11:46, 19.10.2020
Қостанай облысында көру қабілеті нашар жандар кітапханасыз қалуы мүмкін

Қостанай облысының зағип және көзі нашар көретін тұрғындары кітапханасыз қалуы мүмкін. Жарты ғасырлық тарихы бар мекеме қайта құрылымдалып, өзге жерге көшірілмек.

Бірақ басқа кітапхананың бір бұрышында отыруға оқырмандар келіспей отыр. Ортақ әмбебап нысанда кедергі көп екенін алға тартқан зағип жандар оқу залының бөлек тұрған ғимаратта қала беруін талап етуде. Аумағы 58 шаршы\метрді құрайтын қазіргі арнайы кітапхана көпқабатты тұрғын үйде орналасқан. Қордағы 24 мыңдай  кітап сөреге сыймағандықтан қаладағы бөлімшелерге таратылып жіберілген. Кітапханашылардың айтуынша мәдени-танымдық мекеме қайта құрылымдалса белгілі кезеңде толықтырылып отыратын мерзімдік әдебиеттер тізімі күрт азайып кетпек.

Кенжегүл Мұратбекова, зағип және көру қабілеті нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры:

- Кейбірі детектив, енді бірі көркем әдебиет оқығанды қалайды. Сондықтан әр оқырманға жеке қызмет көрсетіп, сауалнама толтырамыз. Оқырмандар сұранысына сәйкес біз кітап қорын жаңартып отыруға 2 жарым миллион теңгедей жұмсаймыз. Ал егер шағын бөлімше болып қалсақ, тиісінше қаржымыз қысқарып, тұрғындар сұраған әдебиеттерді біз тауып бере алмайтын жағдайға жетеміз.

Хабар 24 телеарнасы