422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында қашықтан білім алып жатқан оқушыларға компьютер жетіспейді

  • 249
  • UPD: 10:14, 20.10.2020
Түркістан облысында қашықтан білім алып жатқан оқушыларға компьютер жетіспейді

Түркістан облысында қашықтан оқыту жүйесі бойынша білім алып жатқан оқушыларға компьютер жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, жаңа оқу жылының басында 79 мыңға жуық баланың үй жағдайында компьютерлік техникасы жоқ екені анықталған. Осы мәселені шешу үшін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары мектептер мен жергілікті бюджет есебінен және «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің көмегімен сатып алынған 28 мыңға жуық компьютерлік техниканы оқушыларға үлестіріп берген. Бұдан бөлек, жақында үкімет резервінен 14 мыңға жуық планшет пен компьютер сатып алынып, аз қамтылған отбасының балаларына таратылыпты. «Қалғанын жыл соңына дейін қамтамасыз етеміз», - дейді жауапты сала маманары. Айта кетейік, облыстағы бес жүз мың оқушының 444 мыңы қашықтан оқиды. 43 мыңнан аса бала кезекші топтарда білім алады. 15 мыңдай оқушы мектепке барып оқып жүр.

Рахымбек Жолаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

- Жалпы есеп бойынша 5 балаға 1 компьютер болу керек. Мұны біз қазір орындай алмай отырмыз. 500 мың оқушы бар болса, 100 мың компьютер болу керек. Қазір бізде 75 мың компьютер бар. Әлі бізге 25 мыңдай компьютер керек.

 

Хабар 24 телеарнасы