423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың 41 мектебінде санитарлық нормалар бұзылған

  • 147
  • UPD: 16:46, 26.11.2020
Елорданың 41 мектебінде санитарлық нормалар бұзылған

Індет басталғалы бері елорданың 41 мектебінде санитарлық норма бұзылған. Тіпті бір мекемеге 230 АЕК есебінде айыппұл салыныпты.

Құрылған мобильді топ бас қаланың 105 мектебінде тексеру жүргізген. Мектепке дейінгі мекемелерде де осы сынды олқылықтар бар. 13 балабақшада талапқа сай емес жағдайлар анықталған. Қазір 3011 кезекші класта 40 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде қауіпті індетті жұқтырғандар да бар. 

Шолпан Қадырова, қалалық білім басқармасының басшысы: 

- 18 бала коронавирус жұқтырған. Оның 14-і қашықтан оқыған. Қалғаны кезекші сыныптарда білім алған. Қазір ол сыныптарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта білімін жалғастыра береді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы