422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да заманауи биотехнология зертханасы ашылды

  • 164
  • UPD: 22:02, 24.10.2020

Петропавл университетінде «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы» зертханасы ашылды.

Бұл – Қазақстан мен Қытай елдерінің бірлескен жобасы. Енді ғалымдар түрлі дақылдардың сапалы тұқымын шығарып, табиғи таза өнім алуды мақсат етіп отыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Фариза Мұқанова – жас ғалым. Жас болса да, агрономия және орман шаруашылығы кафедрасын меңгереді. Қазір ол картопқа арналған қоректік орта дайындап жатыр. Оған түрлі макр, микро элементтер қосылады.

Фариза Мұқанова, Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі:

- Осы жерде қоректік орталарды дайындаудан бастап, ашық грунтта дайын тұқым алуға дейінгі процестердің барлығымен студенттер өз көзімен көру арқылы таныса алады. Енді бұл жас ғалымдарға, әсіресе, өте маңызды зертхана болып табылады. Өйткені қазіргі кезде мұндай зертханалар жоқтың қасы.

Зертханада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен вируссыз материал алынады. Ол үшін ғалымдар әр ұлпаны өсіріп-өндіріп, биотехникалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Картоптың ұлпалары міне, осындай камераларда 10-15 күн сақталады. Бұны қоректік орта деп атайды. Егер тамыр жайып, жақсы өссе, онда өскін топыраққа егіледі.

Айнұр Балахметова, деканның орынбасары:

- Бұл әдістің дәстүрлі әдістен артықшылығы – алғашқы біртекті гинетикалық материал шығару. Бұл бір. Екіншіден, көбею коэффициентін көтеру. Үшіншіден, вируссыз, бактериясыз материал алу. Және төртіншіден, жыл бойы жұмыс істеу.

Бұл – Қазақстан мен Қытай елдерінің бірлескен жобасы. Зертхана құны 15 млн теңге. Осы арқылы ғалымдар тұқымның сапасын арттырып, табиғи таза өнім шығаруға мүмкіндік алады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы