422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушылар екінші тоқсанда мектепте оқитын болды. Шешім кімдерге қатысты?

  • 1068
  • UPD: 22:55, 26.10.2020

Оқушылар екінші тоқсанды мектепке барып оқитын болды. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

Бірақ бұл барлық бала мектепке барады деген сөз емес. Тек 300 балаға арналған білім ошақтары жұмысын бастайды. Ал қалған мектептерде кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Одан бөлек комиссия театрлар мен мешіттердің жұмыс істеуіне рұқсат берді. Бірақ адам саны шектеулі болуы тиіс. Отырыста Үкімет басшысы тексеріс жүргізетін мамандардың жұмысын сынға алды. Мониторинг тиісті деңгейде жасалып жатқан жоқ деді. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтамай жатқан орындарды жаппай жабыңдар деген тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы