424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 30 мың студенттің небәрі төрт жарым мыңы жатақханамен қамтылған

  • 126
  • UPD: 22:03, 26.10.2020
Оралда 30 мың студенттің небәрі төрт жарым мыңы жатақханамен қамтылған

Батыс Қазақстан облысында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарда оқитын 800-ге жуық студент пәтер жалдап, амалдап жүр. Бұл білім ордаларында 30 мыңдай студент бар. Төрт жарым мыңы жатақханада тұрады.

Зәрулік негізінен жекеменшік оқу орындарына тән. Өңірдегі гуманитарлық және техникалық мамандар даярлайтын екі бірдей іргелі оқу орнында 10 мыңдай студент білім алады. Мысалы, 5600 студент оқитын Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1026 орындық жатақханасы бар. Келер жылы тағы 500 орындық жатақхана ашылады. Жәңгір хан атындағы аграрлық техникалық университетте студенттер жатақханамен толық қамтылған. Басты мәселе – студенттердің күнделікті тұрмыс-тіршілігін дұрыс ұйымдастыру.

Жанбота Ешімова,  БҚМУ жастар ісі жөніндегі аға кеңесшісі: 

- Бұл мониторинг жылда өткізеді. Студенттерге біздер сондай аса бір үлкен ескертулер алмадық. Бір кішігірім бір-екі ескертулер болған болатын. Былтырғы мониторинг бойынша. Оны қазір өздеріңіз көріп тұрсыздар толық жөндеуден өткізілді. Жалпы жылда студенттерге жатақхана бүкіл жағдай жасалып жаңартылып, косметикалық ремонтпен біздер студенттерге бергенбіз.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

- Өткен жылы Жәңгірхан атыдағы БҚАТУ үлкен ескертпелеріміз болған болатын. Ол мысалы жаңағы студентердің жуынатыны бөлмелеріне қатысты, кафельдердің құлап жатуы, қыздардың жуынатын бөлмелеріне сондай жағдайдың орын алуы, қарапайым электр лампаларының болмауы бөлмелердегі, сонымен қатар бір қабатта 2 газ плитасы болса соның тек бір комфоркасының жұмыс істеуі. Бұл енді студенттер үшін өте қолайсыз жағдай туғызады.

Хабар 24 телеарнасы