423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жас ғалымдардың халықаралық онлайн форумы өтіп жатыр

  • 159
  • UPD: 23:02, 26.10.2020

Алматыда жас ғалымдардың халықаралық онлайн форумы өтіп жатыр. 

«Назарбаев моделі - ХХI ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» атты жиында Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесін ұғыну жайы, әрі жас ғалымдардың идеяларын одан әрі дамыту мәселесі сөз болды. Бүгін мамандар құқықтық мәселелерді талқыласа, бұдан кейінгі күндері агроөнеркәсіп, инновациялар мен кәсіпкерлік, медицина және өзге де тақырыптар төңірегінде ой қозғайды. Халықаралық форум мемлекеттік органдар үшін жас ғалымдардың ұсынымдары көрсетілген қарар қабылдаумен аяқталады.

Жанар Темірбекова, Нұрсұлтан Назарбаев қорының ғылыми кеңес мүшесі:

- Біздің бүгінгі форумның негізгі мақсаты –  әр елдің, әр тіпті ұйымның жас ғалымдары өздерінің ғылыми жаңалықтарын осы форумда бөлісу арқылы осы өздерінің озық тәжірибелері мен бөлісу арқылы жалпы мынау бір-бірімен осындай бір пікір алмасу. Осы пікір алмасу барысында жалпы негізгі принцип ол осы біздің жастарымыз бір-бірімен зерттеулерін бөлісу, осы жалпы ғылымның қазіргі даму жөніндегі болып жатқан траекториялары мен трендтерді анықтау. Және осыған үлесін қосу.

Хабар 24 телеарнасы