425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік ЖОО студенттері медициналық қызметтерді тегін ала алады

  • 174
  • UPD: 14:36, 27.10.2020
Шетелдік ЖОО студенттері медициналық қызметтерді тегін ала алады old2.aikyn.kz

Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше оқуға түскен, ал қазір қашықтан оқып жатқан қазақстандық студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігіне өтініш білдіріп, медициналық қызметтерді тегін алу бойынша көмек көрсетуді сұраған болатын.

Ендігі кезекте бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін «электрондық үкімет» порталында тіркеуден өтулері қажет. Кейін білім алушыға қатысты мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Нәтижесінде студенттер МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізілетін болады.

«Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. Осылайша 10 күннің ішінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстандық оқушылар мен студенттер міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді тегін алатынын естеріңізге сала кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы