423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кітапханашылардың еңбекақысы өседі

  • 178
  • UPD: 18:58, 30.10.2020
Елімізде кітапханашылардың еңбекақысы өседі

Елімізде балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында арнайы жол картасы әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның негізгі бағыттарының бірі – мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру. Бұл туралы «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты.

«Зерттеулер бойынша мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан аса әдебиет бар. Бірақ олардың 20-30%-і жарамсыз», - дейді орталық басшысы. Соған байланысты мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр. Жол картасына сай кітапханаларды қажетті басылымдармен толықтыру үшін бес жылдай уақыт кетеді. Бұдан бөлек, оқу залдарының безендірілуі, материалдық-техникалық база және сол жұмысты үйлестіретін мектеп кітапханашылар базасын қалыптастыру көзделген. Жоғарғы оқу орындарындағы кітапханашы мамандығын педагог-кітапханашы мамандығына алмастырып, бұл мамандардың айлығын көтеру қарастырылған.

Ғани Бейсембаев, ҚР БҒМ «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Әр жыл сайын мектеп кітапханаларын 20%-ке толықтыру және сол көркем әдебиет тізімінде негізінен төрт бағытта кітаптардың тақырыбы белгіленіп отыр. Бірінші кезекте отандық классиктердің үздік әдебиеттерінің кіруі. Екіншіден, шетелдік қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеттерінің тізімі.

Хабар 24 телеарнасы