423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы облыстық кітапхана қоры құнды дүниелермен толықты

  • 98
  • UPD: 10:16, 01.11.2020

Қарағандыдағы облыстық Гоголь атындағы кітапхана қоры құнды дүниелермен толықты. 30-ға жуық кітап пен альбомды, сурет көрмелерінің каталогын Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы музей сыйға тартқан.

Айта кету керек, қазір кітапхананың әдебиет және өнер бөлімінде 30 мыңға тарта кітап бар. Олардың барлығы бір данадан ғана болғандықтан, үйге бермейді, тек кітапханада оқуға болады. 

Светлана Головка, Гоголь атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:

- Біздегі кітапхана қорында құнды кітаптар өте көп. Әдебиеттің санын ғана емес, сапасын да арттыруға да баса мән береміз. Себебі сұраныс жоғары. Әсіресе студенттер, әртістер, суретшілер жиі келеді. Дегенмен, кітап оқуға жаны құмар кез келген адамға есігіміз ашық.

 

Хабар 24 телеарнасы