425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғарыш станциясындағы саңылау мөлшері адамның басындағы бір тал шашпен бірдей – Мамандар

  • 107
  • UPD: 12:53, 04.11.2020
Ғарыш станциясындағы саңылау мөлшері адамның басындағы бір тал шашпен бірдей – Мамандар

«Звезда» модулінің өту камерасындағы саңылаудың қалыңдығы адамның басындағы бір тал шашпен бірдей. Бұл туралы ХҒС-тегі ресейлік сегменттің ұшуын басқарушы Владимир Соловьев хабарлады.

Соловьевтің айтуынша, осы тесік арқылы ауаның сыртқа кетіп жатқанын сезгіштігі өте жоғары құралдар көрсеткен.

Қазір Хруничев орталығының және Машиналарды Ұлттық ғылыми-зерттеу институтының мамандары саңылаудың пайда болу себебін және оны бітеу жолдарын анықтап жатыр.

ТАСС

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы