425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ жұртты ғылымға сенуге шақырды

  • 87
  • UPD: 10:51, 10.11.2020
ДДСҰ жұртты ғылымға сенуге шақырды

Әлем халқы қазіргідей індет жағдайында ғылымға сенуі тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавируспен байланысты ахуалға қатысты кезекті басқосуда осылай деп мәлімдеді.

Ол індет жай төтенше жағдай шеңберінен шығып кеткенін айтып, адамдарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

- Біз денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайда әлем халқын қорғауды жалғастыра береміз. Бұл вирустан денсаулығы әлсіз адамдар көп зардап шегуде. Бірақ біз оны жеңіп шығатынымзға сенемін. Бұл күресте ғылым мен бірлікке үміт артуымыз қажет.

Францияда соңғы бір тәулікте 60 мың адам вирус жұқтырып, антирекорд орнады. Жалпы әлем бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан және Ресейден кейін Франция бесінші орында. Індет таралғалы бұл елде 40 мыңнан астам адам көз жұмды. Билік індеттің таралуы алда күшейе түсетінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы