422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бес жоғарғы оқу орыны жабылды

  • 149
  • UPD: 15:37, 10.11.2020
Қазақстанда бес жоғарғы оқу орыны жабылды

Елімізде талапқа сай болмай шыққан 5 жоғары оқу орыны жабылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Ал 25 жоғары оқу орны 60 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар бұдан былай жыл сайын университет пен институт ректорлары қаржылық-шаруашылық қызмет пен ғылыми-зерттеу, оқыту жұмыстары жөнінде халық алдында есеп беретін болады. Вице-министр Мирас Дәуленов осылай деді. Енді жоғары оқу орындары деңгейі бойынша 4 санатқа бөлінеді: халықаралық, ұлттық, өңірлік және салалық. Жалпы университет пен институттардың академиялық дербестігі 85 процентке дейін кеңейтілді.

Айта кеткен жөн, елде қазір 128 жоғары оқу орны бар. Оның 56-сы мемлекеттік болса, 72-сі жеке меншік. 

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Жоғары білім департаментінің директоры:

- Студенттердің ары қарай қайда оқитыны туралы, әрине барлық осы жабылған университеттердің студенттері міндетті түрде басқа жоғары оқу орнына ауысады. Арнайы комиссия құрылады. Осы комиссияның шешімі бойынша және де әрбір студенттің өзінің таңдауы бойынша белгілі бір ЖОО ауысу мүмкіндігі берілетін болады. Әрине біз міндетті түрде осы жабылған университеттің оқу ақысына тең, соған шамалас деңгейде ұстауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы