425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді

  • 181
Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді

Елорда мектептері онлайн оқуды жалғастырады.

Бұл жайлы Білім басқармасы хабарлады. Қазіргі таңда ел астанасы «сары қауіпті аймаққа» кіреді. Жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып, ал халықаралық білім ордаларында 7сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарда жоқ. 5-сыныптардың кезекші топ режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары 15 баладан аспайтын кезекші топтарда білім алады.

Хабар 24 телеарнасы