425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екінші тоқсанда елордалық 45 мыңнан астам оқушы мектепке барып оқиды

  • 97
Екінші тоқсанда елордалық 45 мыңнан астам оқушы мектепке барып оқиды

Олар үшін 3 жарым мыңдай сынып жасақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қалғаны қашықтан оқуды жалғастыра береді. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сай екінші тоқсанда мемлекеттік мектептердің бесінші сыныптарында кезекші топ ұйымдастырылды. Ал халықаралық мектептердің 6-7 сынып оқушылары мектепте оқи алады. Бірақ бір топтағы оқушылар саны 15-тен аспауы шарт. Баланың мектепте білім алуы үшін ата-анасы өтініш беруі керек.

Тұрсынкүл Шайхынова, №73 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– Өтініш жазғанда бірінші баланың созылмалы аурулары жоқ па? Бірінші осыған көңіл аударылады. Одан кейін оқу жоспарына сәйкес барлық негізгі пәндер осында оқытылады. Күніне 4 сабақ оқытылып отыр. Сабақтың ұзақтығы – 40 минуттан. Екі сабақ өткеннен кейін 15 минутқа үзіліс бар. Әр оқушы бір партада жалғыз отырғызылады. Балалардың көңіл күйі жақсы. Әрине, мектепті сағынғандары көрініп тұр.

Хабар 24 телеарнасы