422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елдегі 3,5 мың мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтеді

  • 60
  • UPD: 15:53, 17.11.2020
Елдегі 3,5 мың мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтеді

Екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге дейін жететін ауыл мектептерінде сабақ дәстүрлі түрде өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары арнайы баспасөз брифингі кезінде мәлімдеді.

Қазіргі таңда мұндай мектеп саны 3,5 мыңнан асып жығылады. Әзірге кезекші сыныптардың арасында коронавирустың анықталу көрсеткіші төмен. Дей тұрғанмен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова меңзегендей әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сабақ кез келген уақытта онлайн режимге өтуі мүмкін. Яғни қандай да бір аймақ сары не қызыл түске боялса, өңірдің бас санитар дәрігері мен әкімдік жанындағы өңірлік штат бірлесіп шешім қабылдайды.

Сондай-ақ брифингте мектеп оқушылар үшін жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылмайтыны мәлім болды.

Сондай-ақ 302 оқушыда коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері байқалған. Бүгінгі таңда 452 бала емделіп жатыр. Індеттің қайта өршуіне байланысты сабақтарды онлайн форматта жалғастырған абзал. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл ретте нақты мысал келтіреді.

Таяуда Қарағандыға келген Ресей азаматынан вирус анықталған. Көп ұзамай онымен тікелей байланыста болған мұғалім ауырып қалды. Ізінше оқушылары инфекция жұқтырып, үйдегілерге таратқан. Сол себепті оффлайн оқыған балалардың ауру адаммен байланысқа аз түсетінін ескерген министрлік өкілі қашықтан оқыту жүйесін сақтауға туре келеді дейді. 

Хабар 24 телеарнасы