423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұғалімдер неге үстемақы алмай отыр?

  • 216
  • UPD: 09:13, 19.11.2020
Мұғалімдер неге үстемақы алмай отыр? NewTimes.kz

Алматылық мұғалімдердің үстемақысы кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті Білім басқармасы бұл берешек қараша айының 10-ына дейін беріледі деп уәде еткен еді. Бірақ одан бері тағы бір апта өтті.

«Үстемақымызды әлі алмадық», – деп редакциямызға хабарласқан ұстаздар көп.

Алматы қаласы бойынша мұғалімдердің 45% ғана тамыз-қыркүйек айындағы үстемақыларын алған болса, қалған 55%-і соңғы үш айда мүлде алмаған. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің лауазымдық жалақысын және біліктілік санаты үшін педагогикалық шеберлік үстемақыларын 25%-ке ұлғайту тапсырылған болатын. Осы мәселені көтеріп, Алматы қалалық Білім басқармасына хабарласқанымызда 6 қараша күні республикалық бюджеттен қаржы бөлінгені белгілі болды.

«Бірақ бұл қаржы қалалық мәслихаттың шешімінен кейін ғана ұстаздарға беріледі», – дейді әкімшілік өкілдері. Ал бүгінде мұғалімдер алдындағы берешек 7 млрд 700 млн теңгеге жеткен.

Айдын Сайлаубай, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Қаражат қазіргі уақытта бюджеттік кодекстің 606-бабы бойынша нақтылау жұмыстары жүргізіледі. Алматы қаласының жергілікті бюджетінің нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда сессия мәслихаты 25 қараша күніне жоспарланған. Сессия шешімі шыққаннан кейін 5-7 күні жұмыс күні ішінде  толық көлемде төлемақы беріледі.

Хабар 24 телеарнасы