425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

  • 82
  • UPD: 10:11, 19.11.2020
ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Риддерде ауаның температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен.

Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркелді, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарындағы бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Хабар 24 телеарнасы