419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі университетке лицензиясы қайтарылды

  • 648
Шымкенттегі университетке лицензиясы қайтарылды

Шымкенттегі Халықтар достығы университеті жұмысын қайта жалғастыратын болды.

Университет басшылығының аппеляциялық шағымын қараған сот осындай шешім қабылдаған. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен аталған жоғарғы оқу орны лицензиясынан айырылған еді. Айта кетейік, биыл министрліктің тексеру тобы университет жұмысында 40 түрлі кемшілікті анықтаған. Оны жоюға 5 ай уақыт бергенімен, 4 олқылық сол күйі қала берген. Яғни университетке студенттерді оқуға қабылдау ережесі бұзылған. Оқу процесі өз деңгейінде жүрмеген. Сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасуы көрсеткішінің төмендігі мен кітап қорының жеткіліксіз екені расталған. Алайда сот мұның барлығын дәйексіз деп тауып, істі университет пайдасына шешіп берді. Ең сорақысы, осы арада 100-ден астам студент университеттен құжаттарын кері қайтарып алған. 

Рабиға Қуатбекова, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры:

– БАҚ та университеттің бас лицензиясын айыру туралы ақпарат соттың шешімі шықпастан бұрын жарияланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтата тұрудың бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жоғары оқу орны мен комитет арасындағы аппеляциялық соттың талқылауында өз растауын таппады.

Хабар 24 телеарнасы