419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында оқушыларға 20 мыңнан астам ноутбук сатып алынды

  • 149
  • UPD: 08:44, 01.12.2020

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркістан облысында карантинге байланысты қашықтан оқып жатқан балаларға 22 мыңға жуық ноутбук сатып алынды.

Құны 3 млрд теңге болатын Үкімет резервінің қаражаты есебінен алынған компьютерлік техниканы арнайы комиссия қабылдап алды. Жаңа оқу жылының басында қашықтан білім алуға қажетті 58 мыңға жуық электронды құрылғы сатып алу жоспарланған еді. Бүгінге дейін 8 мың планшет пен 6 мыңға тарта компьютер оқушыларға таратылып берілді. Сондай-ақ мектеп қоры мен жергілікті бюджет және «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің көмегімен алынған 27 мың дана компьютерлік техника да оқушыларға үлестірілді. Бұдан бөлек  тағы  Үкімет резервінің қаражатынан 22 мыңға жуық ноутбук сатып алу жоспарланған.  Қазіргі таңда өңірдегі оқушы саны 300-ден аспайтын  62 мектепте сабақ дәстүрлі түрде өтіп жатыр. 

Рақымбек Жолаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

- Әлеуметтік осал топтардан шыққан отбасының балаларын осы 21 мың ноутбукты таратқаннан кейін толық қамтимыз. Одан кейінгі келетін ноутбуктар ол мектептің техникалық-материалдық базасын нығайту үшін қолданылатын болады. Жалпы білім және ғылым министрлігінің цифрлық портфель бағдарламасы бар. Ол бойынша 5 оқушыға 1 компьютерден келу керек. Егер осы компьютерлердің бәрін жыл соңына дейін қамтамасыз ететін болсақ, онда цифрлы портфель бағдарламасын орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы