419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болады?

  • 283
  • UPD: 15:29, 02.12.2020
Қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болады?

Қыстың алғашқы айында қар қалың жауып, күн аяз болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамы бойынша желтоқсанның басы мен аяғында еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында боран соғады. Сонымен бірге ауа райы температурасы 28 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Айдың орта тұсында аяздың беті қайтады. Ал, Қазақстанның батыс бөлігінде қар жаумайды, бірақ қара суық түседі.

Камила Исабекова, «Қазгидромет» РММ-нің инженер-синоптигі:

- Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында айдың басында және соңында жауын-шашын жауады және желтоқсан айының басында кейі жерлерде қатты жауын болжанады. Көбінесе қар түрінде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасы түнде 5-13 градустан, ал күндіз -5 +5 градустан 8-13 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы