419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Интернеті жоқ ауылдардағы студенттер үшін сессия уақыты шегеріле ме

  • 220
  • UPD: 17:38, 08.12.2020
Интернеті жоқ ауылдардағы студенттер үшін сессия уақыты шегеріле ме

Интернетке қатысты проблемалары бар студенттер үшін сессия кейінге қалдырылмайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.

«Интернетке немесе компьютердің жоқтығына байланысты проблемалар болса, студенттерге жатақханада жатып оқуға болатынын алдын ала ескерткен болатынбыз. Сондықтан оны сылтау етіп сессия уақытын кейінге шегеруге немесе оны тапсырмай қоюға болмайды», - деді.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарындағы жатақханалар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Айтуынша, жатақханаларда қазіргі кезде 7 мың студент тұрып жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы