419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: Күршім ауданындағы елді мекендерде интернеттің болмауы оқуға кедергі болып тұр

  • 179
  • UPD: 22:09, 08.12.2020

Еліміздің шығысындағы Күршім ауданында бірнеше ауыл-аймақ тұрғындары қашықтан оқитын балалардың білім сапасына алаңдаулы. Өйткені елді мекендерде интернет желісі жоқ. Пандемия басталған наурыз айынан бері студенттер мен мектеп оқушылары жарытып білім алмаған. Редакциямызға хабарласып көмек сұраған шалғайдағы жұртпен тілшілеріміз жүздесіп қайтты. Бір қызығы журналистермен бірге антенна орнататын мамандар да келіп жеткен.

Білім – бала болашағының негізі. Енді сол болашақ бұлыңғыр бола бастады,- деп алаңдаулы мына жиналған ата-аналар. Өйткені өткен оқу жылының соңғы бөлігі әупірімдеп әрең аяқталған. Мектеп оқушыларына тапсырма берілгенмен оны түсіндіру, тақырыпты ашу деген талаптар ұмытылған. Өйткені интернет жоқ. 

Құралай Солтабаева, Қалжыр ауылының тұрғыны:

- Наурыздан бастап сабақ оқымаған бала келесі бір жылға аттап отыр ғой мысалы, бесінші класс болса алтыншы классқа аттап отыр ғой, бесінші кластың тапсырмасын жартылай білмеген бала алтыншы класстың тапсырмасын қалай оқиды, мүлде нашарлап кетті содан ата аналар жаздық біздің балалар мектепке барып оқысынышы ең болмағанда математиканы оқытыңдаршы мектепке барып деп.содан әр класста он баладан оқуға болады деп рұқсат берді. 

Оқушысы барлар осылай тығырықтан шығып амалдаса, студент оқытып отырғандар әбдең діңкеледі. Бірі балаларын Өскеменге, енді бірі  Зайсанға жіберіп,пәтер жалдап тұрғызып екі шығындалуға мәжбүр. Жұлдыз Атамбаева болса үш баласын интернеті бар көрші Боран ауылындағы туыстарына апталап жібереді. Олар үйге оралғанша жанын шүберекке түйіп отырады.

Жұлдыз Адамбаева, қалжыр ауылының тұрғыны:

- Мазалары кетіп жүр кәдімгідей енді біреудің үйіне біреу жақтырады біреу жақтырмайды біреудің үйіне барып еміни еркін отыра алмайды жағдайынт жасап отыр рахмет біраө үйде болған енді бөлек қой. Жолда түнде қайтып келуге болар ед машинамен оған жылқы малы жүреді қазір жылқыға соғылып авария болып жатқанын естіп жатырсыздар содан қорқамыз,жол тайғақ одан қорқамыз одан бензин мәселесі сондықтан дүйсенбі кетіп жұма күні қайып келеді. 

Біздің түсірілім тобы бара сала бұл жаққа интернет желісін тартатын бригада да жетті. Олар Қалжырдың шетіне байланыс операторының 3G  сапасындағы антеннасын орнатты. Сөйтіп сонау жазда қойылу керек құрылғы, қыстың басында әрең орнатылды. Оның себебін жұмысшылар  былайша түсіндірді.

Серік Нұриев,  мобильді байланыс операторына қатысты мердігер компания өкілі:

- Заказ беріледі, шетелден келеді бізге жетеді екі арада карантин болып кетті  граница жабылып қалды, жарты  шет жақтардын бәрі сол траспортты нелер бар бізар айналып қалдық сонджықтан бұл жерде ешкімніңм кінасы жоқ деп ойлаймын. 

Қызығы сол, антенна орнаған алғашқы күні ғаламтор жап-жақсы жұмыс істеп, ауылдықтарды қуантты. Алдайда жылт еткен желі қайта жоқ болды. Біз жауапты оператор өкілдеріне хабарласып, мәселенің мән-жайын білдік.

Болатбек Толқынов, байланыс операторы техникалық директорының орынбасары:

- Қалжырда базалық станция қойылғаны рас. Бірақ ол қойылды деген сөз ғаламтор бірден пайда болды дегенді білдірмейді. Біз алғашқы күні желіні қызметке қосып, тұтынушылардың сұранысын байқадық. Осылайша дерек жинадық. Тек осыдан кейін ғана біз ол станцияның жұмысын толық реттейміз.Тіпті оны жетілдіру немесе кеңейту қажеттігін де анықтаймыз. Қазір Қалжырда дәл сол шаруалар атқарылып жатыр. Біз тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді интернет тетіктерін ұсыну үшін барлық күшімізді саламыз. 

Осыған ұқсас жұмыс Ақсуат ауылында да атқарылып жатыр екен. Ғаламтор тұрмақ ,ұялы телефон байланысына зәру ауылдықтар қазір арқа-жарқа.

Ержан Тілеубаев Балықшы ауылдық округінің әкімі:

- Сотовый связь Ақсуат ауылы тұрғындары үшін көптен күткен арман. Енді жоспар бойынша желтоқсанның аяғында байланыс жүйесі іске қосылады. 

Осылайша интернет иглігіне мұқтаж екі ауылда ең басты шаралар қоға алынды. Тек аяғы сиырқұймышақтанып кетпесе болғаны.

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы