419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынады

  • 194
  • UPD: 12:59, 09.12.2020
Елордада алдағы бес жылда 50 мектеп салынады

Биыл елордада 12 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Оның жартысы пайдалануға берілді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде айтты.

«Алдағы уақытта да жыл сайын кемінде 10-12 немесе одан да көп мектеп салып отыруымыз керек. Сонымен бірге біз тек бюджетке қарап отырған жоқпыз, жеке инвесторлардың да мектеп салуына ықпал жасап жатырмыз.

Оқушылардың саны осыдан 10 жыл бұрын 74 мың болса, қазіргі таңда 193 мыңға жетті. Егер динамика тап осылай жалғаса берсе, алдағы уақытта екі есе еселенуі мүмкін. Яғни оқушылар саны 400 мыңға жетуі мүмкін», - деді.

Айтуынша, өткен жылы 22 мектепте балалардың саны нормадан тыс көбейген, 8 мектеп үш ауысымда ресми тіркелген. Биыл олардың саны екі есеге азайды. Қазіргі уақытта елордада үш ауысымды 4 мектеп бар.

Хабар 24 телеарнасы