424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық оқушылар мен студенттер қалай оқиды

  • 1774
  • UPD: 17:07, 20.12.2020
Қазақстандық оқушылар мен студенттер қалай оқиды znanija.com

Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптардың оқушыларына мектепке баруға рұқсат етілді.

Бұл туралы премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды.

«Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ін – дәстүрлі форматта, 30%-ін – қашықтан) қарастырылсын», – делінген.

Сондай-ақ мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылатын болады.

Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ІІ семестрде аралас оқыту басталады.

Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Хабар 24 телеарнасы