423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапониядағы Цукуба университетінде әл-Фараби орталығы ашылды

  • 222
  • UPD: 09:54, 23.12.2020

Жапонияда әл-Фараби орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Цукуба университетінде орналасқан. Орталық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігі ретінде жұмыс істейді. Салтанатты шараға қатысушыларға ұлы ғалымның мұрасы туралы айтылды. Шараға бейнеконференция арқылы қосылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Жапонияда орталықтың ашылуы ЮНЕСКО қамқорлығымен және ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналғанын жеткізді. Цукуба – әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы. Қазақ ұлттық университеті мен Цукуба 13 жылдан бері ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асырады және қос диплом бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Бұл жапон университетін 100-ден астам қазақ студенті бітірген.

Кёсукэ Нагата, ректоры:

- 2014 жылы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде академиялық және ғылыми алмасуды кеңейту үшін Цукуба университетінің өкілдігі ашылды. Осы уақыт аралығында біз гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы 300-ге жуық қазақстандық студент пен зерттеушілер тарттық. Өткен жылы кампустарды ғылыми-зерттеу және білім беру ресурстары ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойдық. Биологиялық зерттеулер, қоршаған орта және материалдар технологиялары бойынша ынтымақтастықты асыға күтеміз.

Ильяс Закарьянов, Цукуба университетінің студенті:

- Мен Цукуба университетінің халықаралық зерттеулер бөлімінің студентімін және Ниппон қорының стипендиатымын. Қазіргі уақытта біздің университетте 10-ға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. әл-Фараби орталығының ашылуына бәріміз өте қуаныштымыз. Бұл орталық шетелдік студенттердің байланысын жеңілдетеді, сонымен қатар мұндағы қазақстандық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына оң әсер етеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы