418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік басқару академиясы Resmi Qaztest форматын енгізді

  • 127
  • UPD: 23:49, 23.12.2020
Мемлекеттік басқару академиясы Resmi Qaztest форматын енгізді

Шенеуніктердің мемлекеттік тілді білу деңгейі жаңа тест бойынша анықталады. Мемлекеттік басқару академиясы қазақ тілін оқыту тұжырымдамасына сәйкес, RESMI QAZTEST форматын енгізді.

Бұл үміткерлердің тіл білімін анықтау және конкурстық іріктеу кезінде қолданылды. Жаңа формат әлемдік тәжірбиелер негізінде әзірленген. Тест тапсыратын адам тыңдау, лексика-грамматика, жазу мен сұхбат секілді сынақтардан өтеді. Тестті кез келген уақытта онлайн тапсыруға болады.

Нәзигүл Төленбергенова, мемлекеттік басқару академиясының тіл оқыту кабинетінің меңгерушісі:

- Академияда оқытылатын тілдік білім ол кәсіби тілге бағытталған. Кәсіби тіл болғандықтан қолданатын стиліміз ресми-іскерлік стиль шеңберінде, әртүрлі жазылым, көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиялары игертіледі. Бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған технология бір жылда пайда болған өнім емес. Немесе бір жылдық жоба емес. Бұл көп жылдар бойы академияда жинақталған әдістемелік жинақтардың жемісі.

Хабар 24 телеарнасы