Сиыр жылы әлемді түбегейлі өзгеріске жетелейді

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында сиыр жылы үшінші рет айналып келіп отыр. Бұған дейінгі жылдар бірқатар айтулы оқиғаға толы болған еді. Мәселен, ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшті. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету шешімі де сиыр жылында шықты. Жалпы қазақ халқы жақсылыққа теліген Зеңгі баба жылы несімен ерекшеленді?

Қазақша жыл қайыру наурыз айынан басталатыны белгілі. Тарихшы Ұлан Үмітқалиұлының сараптауынша, әр дәуірдегі сиыр жылы әлемді түбегейлі өзгеріске жетелейтін бастамашы жыл ретінде ерекшеленген екен. 

Ұлан Үмітқалиұлы, Археология және этимология кафедрасының меңгерушісі:

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың 1913-тен 1914-ке дейінгі аралықта І дүниежүзілік соғыстың басталған кезеңі. Ол да қазақ үшін, одан кейінгі жылдарда 16-жылдарда әскер берді соған. Олан кейін бері жылжитын болсақ мысалы 37-ші жылдары үлкен репрессия тарихта. Қаншама асылдарымыз біздің, кіл қазақтың қаймағын қалқып алды. Енді одан кейін қарап отырсақ, 1949 жылы, мысалы, айларына қарап отырсам, Семей полигонының атылуы, алғашқы сынақтың басталуы.

 Ия, бұл ХХ ғасырдағы сиыр жылына тұспа-тұс келген ауыртпалығы мол кезең еді. Десе де, әлемдік деңгейде тың жаңалығын әкелген кездері де жоқ емес.

- Спутник с первым человеком на борту...

1961 жылы қазақтың жерінен ғарышқа аттанған тұңғыш адам Юрий Гагарин космосты зерттеу дәуірін бастаған еді. Ал егемендік алғаннан кейін айналып келген алғашқы сиыр жылында ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысқан. Сөйтіп, дархан даланың қақ төрінде әсем шаһар тұрғызылып, әлемді тағы өзіне қаратты. Одан кейінгі 12 жылда Қазақстанның Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету шешімі шығарылады. Тарихшының пайымынша, сиыр немесе алып өгіз жылы қазақтың пәлсапасында қашан да жақсылықтың бастаушысы.

Ұлан Үмітқалиұлы, Археология және этимология кафедрасының меңгерушісі:

- Біз көне дәуірді зерттеген кезде қазақ халқының арғы аталарында, қола дәуірінде отырықшы тіршілік болғанда, сол кезеңдерде ірі бұқалардың петроглифтердің жартас суреттерінде образдар кездеседі. Бұл біздің дала мәдениетінің дүниетанымына жат нәрсе емес. 

Атаулы жыл айналып жеткенше жас буын қайта түлеп өседі. Бұл ретте тағылымды тарихты жазатын жыл иесі емес, заман ағымына өз үнін қосатын жас толқын.  «Бастысы жүрегі «ұлтым» деп соғатын саналы ұрпақтың өсуі» дейді тарихшы.

Авторлар: Бақыт Топтаева, Наурыз Базаров