420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық оқушы қалдық суды тазартудың әдісін ойлап тапты

  • 161
  • UPD: 08:42, 03.01.2021

Қызылордалық оқушы Зарина Айсауытова өндірістік суды тазартудың тың әдісін ойлап тапты. Ол әдетте бұл мақсатқа кететін уақытты 4 есеге дейін қысқартты.

Қазір кең таралған сүзу әдісі су қоймаларының тазалығын сақтаудағы санитарлық талаптарға сай келе бермейді.

Жоба авторының айтуынша, ол жаңа әдіс арқылы су сапасын жақсартуға болатынын көрсеткен. Зарина бұл жұмыспен екі жылдан бері айналысып келеді. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Марат Сыздықбаевпен бірге мектептің зертханасында өнімдердің химиялық қасиетіне талдау жасаған. Өңірдегі үлкен зертханалардың бірінде сараптама жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген. Оқушы мен мұғалімнің бұл еңбегі бүгінде пайдалы модель ретінде танылып, ұлттық зияткерлік меншік институты тарапынан патентке ие болған.

Зарина Айсауытова, оқушы:

- Бұрынғы тәжіребиелерде де осындай құрам бөліктермен жасайды. Бірақ ол жерде қажетті уақыт көп жұмсалады, бір сағат. Және энергиялық шығын да көп болады деп айта аламын. Ал біздің тәжіребиеде жаңа айтып кеткенімдей қысқа уақыт аралығында қолжетімді жағдайда жұмыс жасауға болады. Және оның нәтижесі де өте жоғары көрсеткішті көрсетеді. ​

Марат Сыздықбаев, химия пәнінің мұғалімі:

- Енді бұның тағы бір артықшылығы – бұл сорбенттерді алу үшін арнайы өндіріс орындарының қажеті жоқ. Қандай өндіріс орыны бар сол жерде жасай беруге болады. Сол жерден сорбент алынады. Сол жерде өндірістік қалдық суларды тазарта беруге болады.

Хабар 24 телеарнасы