Павлодар мектептерінің 60 проценті дәстүрлі оқу форматына оралады

Үшінші тоқсаннан бастап Павлодар мектептерінің 60 проценті дәстүрлі оқу форматына оралады.

Бірақ бір сыныптағы оқушы саны 15 баладан аспауы тиіс. Осылайша қала және облыс мектептерінде 16 мың оқушы мектеп партасына отырады. Облыстың бас санитар дәрігері оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын қалыпты жағдайға көшіруге рұқсат етіп отыр. Бұған дейін 180 оқушыға дейін шектеу болған еді. Сонымен қатар ата-аналар өтініші бойынша бастауыш сынып оқушыларына да мектепке баруға рұқсат берілген. Барлық жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимі сақталып, маска тағу, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау тәртібі міндеттеледі.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының  басшысы:

- Үшінші тоқсанда біз 11-сыныптың балаларын қосуды жоспарлап отырмыз дәстүрлі оқыту форматына көшіру үшін. Штаттық режимде оқып жатқан балалардың саны  32 мың 513 бұл 1 және 4-сыныптың балалары және бұған қосылады 3 мың 357 11-сыныптың балалары. 289 кезекші сыныптардың осы балалары үшін  қосымша ашып отырмыз. Бірінші тоқсаннан бері 2 мың 576 кезекші сынып жұмыс істеді бізде.