Қарағанды облысында оқушылардың 60%-і мектепте оқитын болды

Қарағанды облысында оқушылардың 60%-і үшінші тоқсанды мектепте оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, 23 мыңға жуық 9-11 сынып оқушыларының сабағы іріктеліп оқытылады. Яғни қазақ тілі, математика, химия мен физика және дене тәрбиесі мектепте өтсе, информатика, сызу, еңбек сынды пәндер онлайн режимде жүргізіледі. 1-5 сынып оқушылары ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптарға барады. Қазір облыста 6 мыңнан астам кезекші сынып бар. Білім басқармасындағылар «барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады» дейді. Іріктеп оқыту әдісі колледждерде де қолданылады. 1-4 курс студенттері оқу ордасына барса, 2-3 курс қашықтан оқыту әдісімен оқиды.

Гүлсім Қожахметова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Арнайы мектептегі оқушылар мен интернатта жататындар үшін де оқу дәстүрлі түрге ауыстырлады. Тек оқушылар интернатқа жатқызылмайды. Бұл санитар дәрігерлердің талабы. Және бұл оқу әдісі тек үшінші тоқсанға ғана арналған. Төртінші тоқсандағы оқу эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеруі мүмкін.