Шымкентте 9-11 сынып оқушыларына мектепте білім алуға рұқсат етілді

Шымкентте бүгіннен бастап 9 және 11-сынып оқушыларына мектепте білім алуға рұқсат берілді. Себебі мегаполис қазір «жасыл» аймақта, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Шымкенттік мектептерге бүгінгі күн тура бір 1 қыркүйек секілді. Жаңа оқу жылы басталғалы міне 4 ай өтті. Ал қашықтықтан білім алып жүрген жоғары сынып оқушылары жазғы демалыстан келгендей, бір-бірімен қауышып мәре-сәре күй кешуде. Себебі сынып қабырғасында бірге жүргендей болмайды дейді олар.

Оқушылар мектеп партасына отыру үшін әуелі ата-ананың арнайы сұраныс жасаған рұқсат қағазы қажет. Бұған көптеген ата-ана келіскен сыңайлы. Себебі қашықтықтан білім алуда үй тапсырмасын орындатуда көптеген ата-анаға бұл жүк болғаны анық. Қаланың бас мемлекеттік санитарының қаулысында көрсетілгендей үшінші тоқсандағы білім барысының 70% мектепте орындалса, ал қалған 30% онлайн, яғни қашықтықтан оқитын болады. Бір сыныпта бала саны 15 тен аспау қажет. Әлеуметтік ара қашықтықтық сақталуы тиіс. Санитарлық-дезинфекциялық талаптарға мән берілетін болады. Ал осы үшінші тоқсанда бала саны 300 ден аспайтын мектептерде дәстүрлі білім беру қайта жанданады. Қаланың өзге де көптеген мектептерінде кезекшілік сыныптар сақталады.

Қалыпты жағдайда университет пен колледжердің 1 курс студенттері оқитын болады бүгіннен бастап. Ал өткен жылдың соңында Шымкентте үш бірдей мектептегі оқушылардан коронавирус анықталып, білім ұясы карантинге жабылған болатын. Оларда бүгін шәкірттерге есігін айқара ашқандығын айта кетейік.