420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантинге жабылған үш мектеп жұмысын бастады

  • 96
  • UPD: 13:46, 11.01.2021
Шымкентте карантинге жабылған үш мектеп жұмысын бастады

Шымкентте бүгіннен бастап 9 және 11-сынып оқушыларына мектепке келіп білім алуына рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін әуелі ата-ананың өтініші қажет. Осындай шешім қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында көрсетілген. Қазір мегаполистің эпидтүсі «жасыл». Қаулыда көрсетілгендей, үшінші тоқсандағы білім беру үрдісінің 70 проценті мектепте орындалса, қалған 30 процентін онлайн, яғни қашықтан оқиды. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс. Әлеуметтік арақашықтықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық талаптарға мән беріледі. Ал бала саны 300-ден аспайтын мектептерде дәстүрлі білім беру толықтай қайта жанданды. Қаланың өзге де көптеген мектебінде кезекшілік сыныптар сақталады. Сондай-ақ өткен жылдың соңында оқушылардан коронавирус анықталып, карантинге жабылған үш бірдей білім мекемелері де жұмыстарын бастады. Қалыпты жағдайда университет пен колледжердің 1 курс студенттері оқиды.

Жанат Тәжиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

– Жалпы 1 және 4 сынып оқушыларының бүгінгі күні 81% 3-тоқсанға келіп отыр. Бұл қуантарлық жағдай. 5 сыныптардың 71% қамтылды. Осы уақытқа дейін мектепке әлі келмеген қашықтықтан білім алып келген 9 сынып оқушыларымыздың 91%, 11 сынып оқушыларымыздың 93% кезекші сыныптарда білім алуға ата-аналардың өтініші негізінде бүгінгі күні сабағын бастап отыр.

Хабар 24 телеарнасы