Оралда 1-курс студенттері аралас оқу форматына көшті

Батыс Қазақстан облысындағы арнаулы білім ордаларының 1-курс студенттері аралас оқу форматына көшті. Олар өздерінің колледжіне алғаш рет барып жатыр. Оқуға қабылданғалы бері қашықтан білім алып келген жастар енді аудиторияда дәріс тыңдайды. Дәл қазір Орал қаласынан тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Еркебұлан Смадияров тақырыпты сабақтайды. Еркебұлан, қайырлы таң! Облыста қанша студент аудиторияда оқуға мүмкіндік алды? Колледждерге қандай санитарлық талаптар қойылды?

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Бүгін облыстағы барлық колледждердің 1-курс студенттері оқу ғимаратына алғаш рет келіп жатыр. Мен қазір ақпараттық технологиялар колледжіндемін. Нысанға медициналық маскамен кіру міндетті. Кіре берісте адамдардың дене қызуы өлшенеді. Одан кейін мінеки антисептикті қолдануы тиіс. Әрбір аудиторияда студенттер саны 15-тен аспауы қажет. Бұрын дәріс 90 минуттан болса, енді бұл уақыт 2 есеге қысқартылды. Облыс бойынша колледждердің алғашқы курсында 5 мыңнан астам студент оқиды екен.

Зәуре Ғұмарова, БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Оқу пәндерінің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқытылатын болады. Кейбір пәндердің емтиханы штаттық режимде оқытылатын болады. Сонымен қатар, студенттердің өндірістік машықтан өтуі де штаттық режимде ұйымдастырылады.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Дәл қазір дәрісаралық үзіліс болып жатыр екен. Осы сәтті пайдаланып, аудиторияларға кіріп көрейік. (Қайырлы таң, студенттер!) Міне бұған дейін онлайн оқып, теория жүзінде ғана білім алып келген студенттер, енді ақпараттық технологияларды көзбен көріп, танысып жатыр екен. Олардың пікірін тыңдап көрелік.

- Сәлем! Саған қай оқу форматы ұнайды, қашықтан ба, әлде штаттық режимде ме?

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Иә, дәстүрлі оқу форматы әсіресе осындай салада оқып жатқан студенттердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде шыңдайтыны анық. Облыс бойынша 25 колледж аралас оқу форматына көшті.

Сондай-ақ...