Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды

Ақмола облысында аязға байланысты барлық мектептерде 1-сыныптан 11- сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі түнде аймақта ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендеген. Тұрғындарға мұндай хабарлама түрлі оқыс оқиғаларды болдырмау үшін алдын ала таратылды. Ал облыстық білім басқармасы, мектеп жабылғанымен оқу процесі тоқтамайды, яғни оқушылар қашықтан білім ала береді дейді.

Айта кетейік, синоптиктер осы күндері аяз болатынын бірнеше күн бұрын ескерткен болатын.