Оралда үлгірімі нашар оқушылар қосымша сабақ алады

Батыс Қазақстан облысының мектептері үшінші тоқсанда штаттық, қашықтан және аралас форматта оқып жатыр. Ауыл-аймақтағы шағын білім ордаларының бастауыш сыныптары мектепте оқыса, 6,7,8 және 10-сынып оқушылары үйде онлайн сабақ алуға мәжбүр.

Биылғы түлектердің 70 проценті мектепте білім алады. Ал қашықтан білім алатын, алайда оқу үлгірімі төмендеп кеткен оқушылар үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылмақшы.   

Айгүл Мыңбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Мониторинг, зерттеу, сауалнамалар арқылы проблемалы мәселелер зерделеніп, артта қалған оқушыларға консультациялар өткізу, ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша консультациялық мүмкімдіктер ұйымдастыру жұмысы басталды. Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптарда дәстүрлі форматта оқуға мүмкіншілігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ...