Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды

Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың зертханалық расталған 320 жағдайы тіркелген, соның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300-і қашықтан оқығандар. Бұл туралы ВАК жұмысы туралы телеграм канал хабарлады.

Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 400 мыңнан астам бала білім алатын 765 жалпы білім беретін мектеп бар.

Санитарлық ережелердің талаптарын сақтау үшін облыс мектептері антисептиктермен, бактерицидті және кварцты шамдармен, еден төсеніштерімен қамтамасыз етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтылған.

Медицина қызметкерлері тарапынан барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгілік сүзгісін (термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу) жүргізеді. Оқу жылының басынан бері облыс мектептеріне 296 тексеру жүргізілген, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 50 мектеп тексерілген. Бұзушылықтар 22 білім беру мекемесінде анықталып, 1 833 470 теңге айыппұл салынған. Бұзушылықтарды жою туралы 22 ұйғарым берілді. Талдықорған қаласындағы мектептер мен гимназияларда қашықтан оқыту 2020 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылған.