427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқитын болды

  • 302
  • UPD: 14:02, 18.01.2021
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқитын болды

Қостанайлық 5-11 сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқитын болды. Себебі өңірдегі білім ошақтарында қауіпті вирус жұқтырғандар көбейген.

Биылдың өзінде 53 оқушы мен 50 мұғалім ауырып шықты. Мамандар онлайн оқудың екі аптаға ұласатынын хабарлады. Жалпы елде  індет таралғалы 8 жарым мыңнан аса өңір тұрғынынан вирус белгілері анықталған. Өткен тәулікте тағы 74 адам ауруға шалдықты. Қостанай облысы әлі де індеттің таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймақта.

Хабар 24 телеарнасы