Петропавлда студенттер жатақханаға жайғасып жатыр

Петропавлдағы жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері жатақханаға жайғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге мұнда тұруға тек 500-ге жуық балаға рұқсат етілген. Олардың дені – шалғай ауыл-аймақтан келгендер. Карантинге байланысты бір бөлмеде екі адамнан тұрады. Жатақханаларда санитарлық талаптар қатаң сақталған. Ал алдымыздағы дүйсенбіде білім ордасы өзге курстардың студенттерін қабылдайды.

Мөлдір Өтеген, студент:

Оқытушылар көмектесіп, көп сандалмай бірден жатақханаға келдім. Иә, бұл жақ суық болды. Өйткені біз жақ оңтүстік болғандықтан ыстық қой. Солай осы жаққа келдім орналастым. Өте жақсы, жылы.

Нұрлан Баимбетов, ЖОО тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма мүшесінің м.а.:

Бірінші курстар түгелімен оқиды. Ал қалған мамандықтарды оқытады дегеніміз, біріншіден, офлайн білімді қажет ететін медицина мамандығы, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары мамандықтары бойынша біз студенттерді шақыртып, офлайн түрде білім бермекпіз.