Алматы – Өскемен тасжолы жабылды

Алматы – Өскемен тасжолы жабылды
фото: altaynews.kz

Қарлы боранға байланысты өңірлік және республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Нақтырақ айтқанда, Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды.

«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша 22.01 сағ. 16:50-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстың республикалық маңызды а/ж учаскісінде 615-683 шақырымындағы «Алматы Өскемен» жолы автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылады», - деп хабарлайды ШҚО ТЖД департаменті.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары тұрғындарды осы бағытқа жолға шықпау керектігін ескертеді.