Көлік картасын қайта алу үшін оқушының суреті қажет емес

15 жасқа дейінгі оқушыларға мектеп көлік картасын қайта алған кезде жаңа фотосуретті тапсырудың қажеті жоқ.

Баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты ғана керек. Қалаған жағдайда фотосуретті өзгертуге болады.

Алайда егер оқушының жасы 15-тен асқан болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы мен баланың жаңа фотосуреті (3/4) міндетті түрде қажет.

Мектеп көлік картасы тек 18 жасқа дейін жарамды. Кәмелетке толғаннан кейін карта бұғатталады және оны пайдалану мүмкін болмайды.