Қарағанды облысында 1-2 сынып оқушылары тегін тамақтанады

Ақпанның бірінен бастап Қарағанды облысының 1-ші және 2-ші сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұған дейін асханада әлемуеттік аз қамтылған отбасы балалары тегін ауқаттанып келді. Қазір 1 жылға жуық жабық тұрған асханаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, ас-ауқат дайындауға әзірленіп жатыр. Өңірде ата-аналар мен оқушыларға ыңғайлы болу үшін «Е-Асхана» жобасы енгізіледі.

Гүлдана Нұрсұлтан, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:

– «Е –Асхана» дегеніміз балалар қолма-қол ақшасыз QR-код арқылы тамақтарын ала алады. Сатып алған уақытта ата-ананың телефонына қандай тамақ алды, рұқсат етілмеген тамақ алған жоқ па деген сыңайда ақпарат келіп отырады. Ата-ана карточкалық есеп жүргізе алады және құрылғы арқылы ас мәзірін тапсыра алады.