419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кітапханалар жаңартылып жатыр

  • 192
  • UPD: 21:23, 25.01.2021
Алматыда кітапханалар жаңартылып жатыр

Алматыда төрт кітапхана қайта жаңғыртудан өтіп, оқырмандарын қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу залдары толықтай жаңа техникалармен жабдықталып, дизайны да өзгерді. Енді тұрғындар қажетті кітапты электронды жүйе арқылы тауып, толыққанды ақпарат ала алады. Жаңа келбетке енген кітапхананың бірі қазақ жазушыларының шығармаларына, тағы бірі балалар әдебиетіне арналған. Жалпы форматта жұмыс істейтіндері де бар.

Наталья Коваленко, Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары:

– Біздің кітапханалардағы барлық қызмет тегін көрсетіледі. Сонымен қатар барлық бөлімшелер кезеңімен жаңартылып жатыр. Енді тағы екі нысан жөндеуден өтеді. Ол Назарбаев пен Мәуленов көшелерінде орналасқан. Онда да заманауи кітапхана болады. Қазіргі кітап қорымыз 1 млн 889 мыңға жетті.

Хабар 24 телеарнасы