Еліміздегі колледждерге академиялық дербестік беріледі

Бұл білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімін қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ білім сапасын арттырады дейді мамандар. Бұл туралы Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Жоғарғы білім жүйесінде «аймақ тірегі» жобасы іске асырыла бастайды. Нақты көрсеткіштер бойынша 15 өңірлік жоғарғы оқу орны іріктеліп алынды. Ол университеттерді дамыту үшін нысаналы қаржы бөлінеді. Жаңа зертханалар ашылып, білім бағдарламалары жүзеге асады.